Шигео Катсу: «Әрқашан көбірек армандаңдар»

Ноян Алимов, 18 жас.

Назарбаев университеті қарқынды дамып келе жатқан және ғылымға бағытталған университет болып табылады және маған әу бастан осы университеттің президенті лауазымын атқарған аддаммен етене танысу бақыты бұйырды. Сұхбаттасқан кезде Шигео Катсу мырза өзінің қызметтегі жолы, ұмтылыстары мен табысқа жету жолдары жайында баяндады.

Катсу мырзаның жұмыс тәжірибесі мол, себебі 1979 жылдан бастап ол Дүниежүзілік банкте жұмыс істегенде, алуан түрлі дүниежүзілік экономикалық және білім беру мәселелерін шешуге атсалысқан. Ал оның кәсіби дамуы балалық шақтан бастау алады, бала кезінде он жыл бойы шетелде тұрған. Жапонияда дүниеге келді, бірақ балабақшадан бастап орта мектепке дейін Еуропада өмір сүрді. Кейін ол магистр дәрежесін алу үшін шетелге аттанды. Катсу мырзаның айтуынша, осы бірегей тәжірибе оның ойлау жүйесін қалыптастырып, өмірге деген көзқарасын өзгертті. Сондай-ақ, бұл оның халықаралық қатынастарға деген қызығушылығын тудырды, кейіннен ол оның мансабының бастапқы нүктесіне айналды. Бұған қарамастан, ол өзінің туған жерін сүйетінін және Жапонияның Қазақстанға ұқсайтынын айтады, себебі бұл да көпшіліктің жері. 

Катсу мырзаның өмір философиясы даналыққа толы.

«Сіз әрқашан құлақ түріп, көзіңізді ашып жүруіңіз қажет. Себебі ақыл бере алатын адамды кез келген сәтте кездестіруіңіз мүмкін. Жаңа идеяларға, жаңа көзқарас пен жаңа тәжірибеге ашық болу қажет. Бастамаларыңызға зиян келтірмейтіні анық және керісінше, өміріңіздегі ең жақсы оқиғалардың біреуіне айналуы мүмкін. Және бірден сәті түспесе де, қорқатындай ештеңе жоқ. Сәтсіздікке ұшыраудан қорықпау қажет», — деп айтады ол.

Дәл сол уақытта Катсу мырза шешім қабылдамас бұрын, алдымен оның жақсы не жаман екенін ойлау қажет деп белгілейді. Әуестік және өмір мен әлемді көруге құштарлық тағы да бір маңызды қасиет болып табылады. Адамның өз-өзіне сұрақ қойып, әрбір заттың қалайша жасалғанын, оны бүге-шігесіне дейін білуге тырысуы тиіс. Катсу мырзадан көп нәрсені үйренуге болатыны анық және бұл адамның Назарбаев Университетінің президенті болғаны таңғаларлық емес. 

Сондай-ақ, Шигео Катсу маған болашақта Қазақстанда, оның айтуынша,  қатты бағаланатын мамандықтар туралы айтып берді. Жаһандану ең маңызды даму көрсеткіштерінің бірі болып табылады және осыған жағдай жасап жатқан көптеген мамандықтар бар. Мәселен, бизнесті дамыту, сондай-ақ, экономика және қаржы жастардың арасындағы ең көп таралған бағыт болып табылады, алайда маңызы кем емес көптеген басқа да салалар бар. Қазір ақпараттық технологиялар және цифрлық индустрия қарқын дамып келе жатыр және адамдар бұл бағытта өзінің келешегін көруде. Дегенмен, Катсу мырза әрбір жаңа буын өз болашағына деген жолды өзі таңдайды деп санайды, себебі талаптар заман өте келе өзгереді. Ақырында, табысқа жету үшін қандай жолдарға таңдау түсетіндігін мән-жайлар айқындайтын болады.

«Менің бар айтарым, әрқашан көбірек армандаңдар».    

Әңгіменің соңында Катсу мырза «A B C D E H R» деп атайтын табыс кілті туралы өзінің ұғымымен бөлісті:

А – бұл талап (Ambition). Адамдар талапшыл болуға және көп армандауға тиіс.

B – бұл сенім (Belief). Егер өз арманыңызға сенбейтін болсаңыз, оларды ешқашан жүзеге асыра алмайсыз.

C – бұл мақсатқа ұмтылу (Commitment).  Адамның мақсаты болғанда, ол өзіне өнімді жұмыс үшін оған қарай алға талпыну секілді міндеттемені қабылдауға тиіс.

D – бұл арман (Dream). Армандар бастапқыда іске аспайтын болып көрінгенімен, жарқын болашаққа жол ашады, өйткені қажырлы еңбек арманды шындыққа айналдырады.  

E – бұл тәжірибе (Experiment).  Адамдар ең дұрысын, қажеттісін тапқанша, неше түрлі жолдармен жүріп көруі тиіс.


H – бұл сабырлық (Humble). Бір әрекетті жасап жатқанда, адамның бойында
  күдік туындайды және осы кезде сабырлық таныту қажет. «Менің істеп жатқаным дұрыс па? Дұрыс жолды таңдадым ба?» – деп өзіңнен сұрау қажет.

R – бұл құрмет (Respect). Егер сыйлы болғыңыз келсе, басқаларға да құрмет көрсетуіңіз керек. Адамдар бір-бірін сыйлаған ортада жұмыстың әлдеқайда жақсы атқарылатыны сөзсіз.

Осындай ақыл-кеңестерден нәр алып, Шигео Катсу секілді адам ғана әйгілі университеттің президенті болуға лайық екеніне көзің жетеді. Оған қоса, ол бүкіл Қазақстандағы жас мамандарға керемет шабыт көзі де болуы мүмкін. Білімнің маңыздылығын түсінетін және студенттерді өз арманын орындауға итермелеу үшін қолынан келгеннің барлығын жасайтын адамдардың болғаны қандай тамаша. Мен Катсу мырзаға тәжірибесімен бөліскені және әрбір адам өз өмірінде пайдалана алатын құнды ақыл-кеңестері үшін алғысымды білдіремін

Похожее

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.

Bitnami