Дамель Мектепбаева: «Ғылыми жол оңай емес»

Амина Нарикбаева, 10 жас

Дамель Мектепбаева – NASA Global Impact конкурсының жеңімпазы атанған және Hoope жүзігі секілді ауруларды дереу тестілеу үшін бірегей технологияны шығарған Қазақстанның жас ғалымы. Дамель ауыр жұмысты белсенді өмір салтымен қалайша атқаруға болатынын білетін, ғылымдағы әйелдің жарқын үлгісі болып табылады. Сұхбаттасу кезінде біз Қазақстандағы ғылым және оның даму болашағы жайлы көп нәрсе білдік.

Дамель Мектепбаева сұлу әйел ғана емес, сонымен бірге Hoope жүзігін шығарған дарынды ғалым болып табылады. Бұл тұжырымдаманың қызықты болғаны сонша, біз бірден Дамельден бұл жөнінде айтып беруін өтіндік. Оның айтуынша, бастапқыда бұл идеяны NASA қолдады. Бүкіл әлемде адамдардың тұрмысын жақсарта алатын идеялар бар, кез келген маман өкілдеріне көмек көрсетуге бағытталған Global Impact Competition атты бағдарлама бар екен. Оның негізгі мақсаты – ғаламдық ықпал. Қазіргі таңда NASA жоғары оқу орындарының студенттеріне де арналған жобаларды жүзеге асыруда.

Бір күні Дамельде тамаша ой туындады, оның идеясы – жыныстық жолмен берілетін ауруды қысқа уақыт ішінде анықтайтын жүзік. Бұл адамдарға өз денсаулығына ұқыпты қарауға мүмкін дік береді. Тағып жүрген адамға ешбір қолайсыздық келтірмейді, оны қарапайым сақина сияқты да пайдалануға болады. Бірақ, егер түймешігін баса қалсаңыз, микро-инелер қан үлгісін алып, жүзік ішінде бірден талдау жүргізіледі. Бұл керемет ой конкурстық комиссияға әсер етіп, Дамельге қажетті қолдау көрсетілді.

Дамельдің айтуынша, ғылыми жол оңай емес. Hoope жүзігі Дамель Мектепбаеваның жалғыз жобасы емес, одан бөлек, қатерлік ісік жасушаларын емдеу және органдарды 3D-басып шығару саласында да жобалары баршылық. Қазір ол тірі жасушаларды өсірумен айналысып жатыр, оларды тұрақты негізде қоректендіру қажет; сондықтан Дамель ұзақ уақытқа демалуға кете алмайды. Тіпті демалған уақыттың өзінде, ол қарапайым жасушаларды тамақтандыруға келіп тұрады.

Дамель ғылымның дамуы қомақты қаржы талап ететіндігін белгілейді және Қазақстандағы ағымдағы экономикалық ахуалды ескере отырып, алпауыт мемлекеттермен қатар жүру өте қиын екенін айтады. Бірақ болашақта ғылымымыз қарқын дамып, қазақ ғалымдарының оның дамуына айтарлықтай ықпал ете алатындығына сенеді. Білікті мамандармен бірлесіп істеуден басқа, ол студенттерге зертханаларда жұмыс істеуді үйретеді және олардың бастамаларын белсенді қолдайды. Кейбіреулері Бостон мен Австралияда тағылымдамадан өтуге де үлгеріпті. Дамель айтқандай, адамдардың көбі ғалымдарды өмір бойы тек зертханада отыратын адамдар тәрізді көреді. Бұл миф және қазіргі кезде әрбір ғалым күллі жер шарында адамдардың нені зерттеп жатқанын білуге және жаңалықтардан тыс қалмауға тиіс. Сол себепті ғылым саласындағы жұмыс саяхаттармен тығыз байланысты.

Дамель жұмыстың жоспардан ауытқуын көргенде, көңілі қалатынын мойындайды, бірақ бұл кез келген кәсіптің бөлігі болып табылады. Сондықтан ол ешқашан өз жұмысынан қашпайды. Ол өз білімін үнемі жетілдіре отырып, басқа ғалымдардың еңбегінен шабыт алуға тырысады. Осылайша, ол медициналық орталықтарға барып, хирургтардың орындайтын операцияларына қатысады. Әуел баста ол дәрігер болғысы келген, бірақ «Болашақтың» ұсынған ең жақын мамандығы биотехнология болды, дегенмен қазір Дамель оны таңдағанына қуанады. Ол ғылым мен медицина тығыз әрекет етуге тиіс және осы салалардағы мамандар бір-біріне жақсы әсер ете алады деп санайды. Биотехнолог секілді ол заманауи ғылымда тәртіпаралық пәндердің маңыздылығын жақсы түсінеді. Биотехнология саласындағы дәреже көптеген мүмкіндіктерді ашатындығын түсіндірді, себебі бұл мамандар фармакология, вирусология, патенттік зерттеулер және тіпті инженерия  салаларында жұмыс істей алады. Дамель Қазақстанда болашақта биотехнологтар мен басқа да ғалымдардың саны көбейеді деп үміттенеді.

Дамельдің білім алуы да қызық болды, он сегіз жасында ол «Болашақ» бағдарламасы бойынша грант иегері атанып, АҚШ-тағы оқуы үшін жылы ұясынан ұшты. Шет тіліндегі дәрістерді түсіну қиын болды, бірақ ол мойынсұнбай, бұл проблеманың да шешімін тапты. Ол аталған тақырып бойынша дәрістерді орыс тілінде оқи бастады және оны ұғып алғаннан кейін, материалды ағылшын тілінде меңгере бастайтын еді. Нәтижесінде, университеттегі төртінші жылдың соңына қарай ол өз тобындағы екі үздік студенттерінің бірі болды. Дамель студенттердің өз пәндеріне деген қызығушылығын оята білген ұстаздарына дән риза. Мәселен, Дамельдің молекулярлық биология оқытушысы ол үшін және басқа да студенттер үшін үлкен дем беруші еді. Әрбір сабағын ол ертегі не әңгіме айтудан бастап,  студенттер осы бір күрделі тақырыпты тез түсіну үшін неше түрлі үлгілер мен аналогияларды құрайтын еді. Оған қоса, оның сыртқы келбеті де ерекше болған, сөйтіп, ол ғалымдар да қызықты өмір сүретінін көрсетті.

Дамель  жастарды өз біліміне сенуге шақырады, себебі егер олар өз біліміне ұмтылса, жеткілікті әрекет жасаса, онда әлемдегі кез келген басқа студенттер тәрізді, ақылды бола алады. Зерттеулер жүйелі болуға тиіс. Академиялық табысқа жету үшін оның жеке ақылы – әр күні жаңа нәрсе білу. Ақпаратты тұрақты негізде әр пән бойынша шағын көлеммен меңгергені дұрыс және бұл оның бас миында ұзақ уақыт бойы сақталуына көмектеседі. Мәселен, Дамельдің Америкаға көшуіне байланысты, оның анасы электрондық поштаны, Skype және бұрын мүлдем хабары болмаған барлық технологияларды пайдалануды үйренді, сондықтан егер адамның қалауы болса, ол кез келген жаста жаңа нәрселерді үйрене алады.

Тағы да бір ақылы – белсенді өмір сүру, демек қызығушылық тудыратын барлық хоббилерді көру. «Егер сіз жаңа тілді меңгергіңіз келсе – оны жай үйрене бастаңыз, егер би билеуді қаласаңыз – билей бастаңыз». Дамельдің айтуынша, кезінде ата-анасы оны ән айту мен биді қосқанда, алуан түрлі үйірмелерге қатыстыратын. Бала кезінде олардың барлығын ұнатпаған, бірақ кейін кез келген дағдының маңызды екендігін түсінді. Қазір ол спортпен шұғылданады және аптасына үш рет тренажер залына барады. Дамель: «Адамдар, негізінен, жалқау болып келеді, бірақ өзін-өзі итермелеп, әрқашан жаңа білімге ұмтылудың маңызы зор»,- дейді.

Әңгіменің соңында біз Дамельден табысқа жету үшін үш стратегиясымен бөлісуді сұрадық. Біріншіден, ол: «Ешқашан табысқа жете алмаймын деп ойлама, өйткені қаласаң, қолыңнан бәрі де келеді», — деп айтты. Дамель көптеген балалар мен жасөспірімдер қазіргі кезде шешім қабылдау ықпалының астында екенін біледі. Алайда одан қорықпау керек, себебі, егер олар қаласа, өмір мамандықты өзгертуге мүмкіндік береді, ал алған дағдылары әрқашан пайдалы болады, тіпті мамандығы өзгерсе де.  Мәселен, егер сіз заңгер болғыңыз келсе, ал кейін университетті бітіргеннен кейін мұғалім болуды ұйғарсаңыз, бұл сізге қажет болуы мүмкін және сіз мұғалім бола аласыз. Бұл ақырзаман емес. Сондықтан адамдар тек бір маман иесі болсам екен деп ойламау қажет, бірнеше маман иегері болғаны жақсы. Екінші жағы – тәуелсіз болу. Егер сіз керемет маман болғыңыз келсе, арман соңынан жүру қажет. Дамельдің айтуынша, тіпті ата-анаңыз бен мұғалімдер сізге ең жақсысын қаласа, мамандықты таңдау – бұл әрбір адамның жеке ісі, себебі жұмыс шабыт пен бақыт әкелуі тиіс. Және үшінші қағида – аяқ астынан келген барлық ойлар мен идеяларды бірден жазып алу.  Өйткені бұл идеялар болашақ жұмысқа немесе қызықты жобаға айналуы мүмкін. Оның үстіне, тізбе жасау ойдың барлығын ретке келтіруге көмектеседі.

«Менің ойымша, әрбір адамның керемет идеялары бар және әрбір адам бұл идеяларды жүзеге асыра алады», — деп айтады ол. Дамель Мектепбаеваның айтуынша, әрбір адамның өзіндік ерекшелігі бар және өз жүрегінің қалауымен жүрудің маңызы өте зор.  Өзіңізге ұнайтын, сондай-ақ жақсы істей алатын нәрсені таңдаңыз және ол сізді үлкен табысқа жетелейді.

Автор: Амина Нарикбаева, 10 жас.

 

Похожее

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.

Bitnami